"Арулар-асыл жандар" аналар мерекесіне орай топтар арасында сайыс » Қожбанбет би атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Қожбанбет би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Арулар-асыл жандар" аналар мерекесіне орай топтар арасында сайыс
05
март
2024

"Арулар-асыл жандар" аналар мерекесіне орай топтар арасында сайыс

Жетісу облысы,  Панфилов ауданы «Қожбанбет би атындағы орта мектеп» КММ 
 Көктем айының алғашқы күнінен ерекше бір сезім адам жанын тербейді.Алғыс айту күні,аналар мерекесі,жыл басы....Осы мерекелерге орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ДЖУНУСОВА Шынар Ауғанқызының ұйымдастыруымен 'Арулар-асыл жандар "атты топтар арасында сайыс өтті.Ол сайысқа мектебіміміздің 50жасқа дейінгі жас келіндер,қыздар қатысты.Төрт топта 28ұстаз өнер көрсетті.Сайыс мынадай бөлімдерден тұрды:1.Кел,танысайық!2.Поэзия менімен егіз бе едің?(Танымал ақындардың ана,ару,әже туралы өлеңдерін жатқа,мәнерлеп оқу)3.Театр бөлімі.("Абай жолы"романындағы Зере, Ұлжан,Әйгерім,Тоғжан ролдерін сомдау)4.Кел,шырқайық!(Ана,көктем әндерін орындау)5.Салт-дәстүрді білесің бе?(Салт-дәстүрге қатысты сұрақтар)6.Үй тапсырмасы(Үйден көктем көрінісін,ана бейнесін,ұлттық құндылықтарды көрсететін заттар жасап келу)Барлық топтар7адамнан құралып,"Жеті жұлдыз","Гүлдер-ай","Мейірім-1","Мейірім-2"топтары өз өнерлерін көрсетті.Барлық топтар керемет дайындықпен келген,біркелкі ұлттық нақыштағы киімдер,әшекей бұйымдар таққан қыздарымыз қазақ халқының ару қыздарының шынайы бейнесін сомдап, өнер көрсетті.
Бұл сайыс енді Наурыз мерекесіне таман,50 жастан асқан ұстаздар арасында жалғасын таппақ.Сайыс соңы марапаттарға және кәсіподақ ұйымы мен ер адамдардың атынан ақшалай сыйлықпен марапатталды.Барлық атсалысқан ұстаздарға мың алғыс!