Ішкі істер органдарымен кездесу » Қожбанбет би атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Қожбанбет би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ішкі істер органдарымен кездесу
21
сентябрь
2022

Ішкі істер органдарымен кездесу

"Қожбанбет би атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Жиынға Панфилов АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Бейсенбаев Нұрболат Нұрланұлы және полиция аға лейтенанты Нұрлаби Талшын Нұрлабиқызы, ұстаздар, 8-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушыларды қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық түрлерімен таныстырып, тәрбиелік-құқықтық кеңестер берілді. Жасөспірімдер арасында кеңінен таралған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтірілді және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктің түрлері түсіндірілді. Одан бөлек мамандар қазіргі кездегі қоғамадағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып,  толыққанды нақты жауаптар алды.



Похожие публикации: