"Жаңашыл ұстаз-2023" байқауы » Қожбанбет би атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Қожбанбет би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2023

"Жаңашыл ұстаз-2023" байқауы

Жетісу облысы Панфилов ауданы «Қожбанбет би атындағы орта мектеп» КММ   "Жаңашыл ұстаз-2023"  байқауы  өткізілді. Байқаудың мақсаты: мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін шыңдау, оларды басқа қырынан тану, кәсіби қолдау көрсету.
Аталған шараға 10 бірлестіктен пән мұғалімдері  қатысып, байқау шарты бойынша 3 кезеңнен тұратын сыннан өтті. Мұғалімдер сабақ үдерісіндегі тиімді  әдіс-тәсілдерін көрсетті. Педагогикалвқ тандем бойынша сұрақтарға жауап берді, ықшам сабақ қорғады.  Байқау нәтижесінде "Бас жүлдені" математика  пәнінің мұғалімі Г.Қ.Оспанбекова иеленді. І- орынды биология пәнінің  мұғалімі Н.О.Дошибекова, ІІ-орын тарих пәнінің мұғалімі А.С.Жакеева мен бастауыш сынып мұғалімі Г.Ж.Алимова алды. ІІІ-орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Боташева,  дефектолог Г.М.Нұрмұханбетова,  физика пәнінің мұғалімі Б.Д.Айдарбекова және орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Чалимбаева алды. Музыка пәнінің мұғалімі М.Абидолдаева «Өнерлі ұстаз»,  дене шынықтыру пәнінің  мұғалімі Қ.Н.Құрманбеков «Белсенді ұстаз»  және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Н.Тойлыбаева  «Парасатты ұстаз» номинациясыларымен марапатталды.  Ұстаздарға толағай табыс пен еңбектеріне жеміс тілейміз.