Мектеп тарихы » Қожбанбет би атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Қожбанбет би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2023

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы- ел тарихы


 Маған жақсы мұғалім  бәрінен де қымбат,

                                                       өйткені мұғалім – мектептің жүрегі

                                                                                                          Ы. Алтынсарин. 


          Тәрбиенің негізгі алтын діңгегі – Отан. Ал, Отан отбасынан басталады, демек тәрбие – отбасынан берілетін ұлттық құндылық. Қазақ халқының даналығы,тәрбие тағылымы – тамыры тереңде жатқан асыл мұра. Ерте заманнан ата – бабаларымыз өскелең ұрпақты елін, жерін сүюге баулып, тектілікпен жан – жақты тәрбиелеуді басты мұрат тұтқан. Отбасындағы тәрбиенің қайнар бұлағы, жас ұрпақтың болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму деңгейіне көтеретін бірден-бір шаңырақ – ол мектеп. Әрбір елдің болашағы мектепте шыңдалады. Мектеп – ешкімді шетке қақпай, бауырына тартатын, тентегін түзейтін, дарындысын қанаттандыратын, жүрегінде оты бардың отын үрлеп, талабын таудай ететін салиқалы тәрбие ошағы.

     Қоңырөлең ауылындағы мектеп 1920 жылы бастауыш мектеп болып құрылды. Бұл кезде оқу 29 әріптік латын алфавиті негізінде жүргізілді.

      Ең алғаш осы мектепте оқып 3 сыныпты, 4 сыныпты бітірген түлектер:

Ысқақов Қ, Ысқақов С, Нұрбеков Д, Бакетов Т, Сырғабаев Қ, Орманов, Тіленшиев Н, Қалибекова Б болған екен.

      1932 – 1937 жылдар аралығында мектеп 7 жылдық мектепке айналды. Бұл жылдары 7 жылдық мектепті бітіріп шыққан алғашқы түлектер: 

Асқарбеков Б, Әжібеков Қ, Құзатбеков Б, Бітебаев Б, Қойшыбеков А, Жарлығапов Ә, Нұрғазиев А, Ысқақов Д, Оспанбеков Ә, Мылтықбаев , Жазылбеков Н, Назарбаев Н, Нұрғазиев М, Ахметжанов О. Бұл түлектердің барлығы осы өңірдегі колхоздарда мамандар, басшы қызметтегі қызметкерлер және мұғалімдер болған.

    1932 – 1939 жылдары 7 жылдық мектепті бітіргендер: Шоқпаров О, Ахметова Қ, Бижанов Ж, Суфьянов К, Қоянбеков Н, Сайдахметова Т, 

Шежімбекова К, Бітебаев Т, Айдарбекова М.

     1939 жылға дейін  оқып,7 сыныпты бітірген және бітірмеген оқушылар: 

Күмісбекова К, Күмісбекова Қ, Құсайынова Қ, Ахмедиев Т, Мылтықбаев А, Әжібеков Қ, Сатыбалдиев Ө, Құрабалдиева Н, Абдолдаев Е, Байрахметов С, Молдабеков Ш, Бозтайлақов М, Сайдахметов Қ,Бекболаев Т,Қойшыбекова К. 

      1939 жылы мектеп 8 жылдық мектепке айналдырылды.

      1956-1957 жылдан мектеп 10 жылдық болса, 1961-1962 жылдары 11жылдық болды.

       Қоңырөлең орта мектебінің білікті білім ордасы болып, өз келбеті, өз дәстүрі, өзіндік тарихы, жолы бар мектеп болуының себебі, оның қабырғасында әр жылдарда білікті, жан –тәнімен бала оқыту ісін сүйген,өзін осы ардақты іске арнаған, мектептің жүрегі бола білген ұстаздардың қызмет етуінде. 

    Ұлы педагог Ы.Алтынсарин: «Жақсы мұғалім -мектептің жүрегі» деген болса, Қоңырөлең орта мектебінің жүрегі бола жүріп, мыңдаған шәкірттерді қанаттандыруға сүбелі үлес қосқан мектеп басшылары, яғни мектеп директорлары төмендегі ұстаздар болған екен: 

Қасымбеков Ә- тұңғыш мектеп меңгерушісі, қуғын- сүргін құрбаны. Калимов Ш, Сыбанқұлов Н, Жазылбеков Н, Уалиева Ш, Чеченин В, Измаилова Ф, Битебаев Б, Әжібенов Қ, Жамалидинов Ш, Самаркина А, Сейтқожаев Ж, Қастеев Б, Төлендиев А, Мұхаметбеков Н, Мұңаймасова Қ, Сейтқожаева Б, Мылтықбаев Н, Иркитбаев С, Досмаилова Ж. 

      «Мұғалім бола салу оңай, ал жақсы мұғалім болу мыңның біріне ғана бұйырады» деген емес пе? Талай тұлғаларды қатарға қосып, жас мамандарға дұрыс бағыт - бағдар беруде бұл басшылардың еңбегі өлшеусіз. 

      Ерен еңбегі үшін әр кезде  үлкен құрметке бөленіп, жоғары марапаттауға ие болған, өз ісінің шебері атанған мұғалімдер, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озаттары: Төлендиев А, Қастеев Б, Сейтқожаев Ж, Жазылбекова Т. Жетпісбаев А, Есенов Ж, Тюлебаева Г, Сауранбаев Б, Кузнецов И, Әбілмәжінов Ю, Мұхаметбеков Н. 

      Қазақстан Республикасының Білім үздіктері: Шоқпарова Р, Сыдықова Г, Жанболатов Ж, Бұлтбекова Ш.

      Әдіскер мұғалімдер: Бералиева К, Темірбаева М. 

      Аға мұғалімдер: Шәлімбекова А, Сайдуллаева Р, Лекерова Ф- бүгінде «Алматыкітап» баспасының әдіскер- редакторы, баспа ісінің үздігі. 

      Қазақ ССР Білім министрлігінің Құрмет грамотасының иегері:

 Сакимбекова Қ, Әбілдаева Ү.

      Ы Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері Мұңаймасова Қ.   

     ҚР президенті Қ.К.Тоқаевтың  «Халық алғысы» медалінің иегері 

Аспекова Д.

Өз ісінің майталмандары бүгінде ел арасында үлкен беделге ие.

      Қазыналы білім ордасына айналған мектебіміздің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып,мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе,бітіріп шыққан түлектер инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алып, бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына әр салада өздерінің үлестерін қосуда.

       Өз ортасынан оза шауып, мектепті үздік бітіріп, алтын медальға, үздік аттестатқа ие болған әр жылдардағы түлектер саны жүзден асады. Олар әрқашан мектеп мақтанышы болары сөзсіз.

       Мектепте алған білімдерін әрі қарай ізденіп, жалғастырып, мамандық алып шығу көптің қолынан келсе де,ғылымның қиын жолында мойымай, жетістіктерге жету, ғылым атағын иелену жекелеген адамдардың еншісіне жазылған болса керек. Қоңырөлең мектебінің түлектерінен шыққан 9

ғылым докторы бар. Олар: Құдабаев Қ- физика- математика ғылымының докторы, Ілясова Б - медицина ғылымының докторы, Сабаншиев М - мал-дәрігерлік ғылымының докторы, Шотаев А -ауыл шаруашылық ғылымының докторы,  Смаилова А – техника ғылымының докторы, Жазылбеков Н – биология ғылымының докторы, Шілдебаев Ж-биология ғылымының докторы, профессор, Қоянбекова С- филология ғылымдарының докторы, профессор, Ішпекбаев Ж – саясаттану ғылымының кандидаты, профессор, Ханьшань педагогикалық университетінің Құрметті профессоры.

    24 ғылым кандидаттары: Құдабаев Қ- физика- математика ғылымының докторы, Ілясова Б - медицина ғылымының докторы, Сабаншиев М - мал-дәрігерлік ғылымының докторы, Шотаев А -ауыл шаруашылық ғылымының докторы,  Смаилова А – техника ғылымының докторы, Жазылбеков Н – биология ғылымының докторы, Құзатбеков Н – ауыл-шаруашылық ғылымының кандидаты, Қазкенова Ж- география ғылымының кандидаты,  Бижанов Ж- биология ғылымының кандидаты, Боранбаева Г- филология ғылымының кандидаты, Кузнецов В- мал-дәрігерлік ғылымының кандидаты, Қоянбекова С – педагогика  ғылымының кандидаты, доцент, Есимов Т- экономика ғылымының кандидаты, Абылайханов А –физика-математика ғылымының кандидаты, Иманқұлов Қ – биология ғылымының кандидаты, Шепетков В- техника  ғылымының кандидаты, Михайленко Л- педагогика ғылымының кандидаты, Янгули Чилиенгариди- медицина ғылымының кандидаты, Бегайдарова Н- экономика ғылымының кандидаты, Ахметова Г- педагогика ғылымының кандидаты,  Батырбекова А- биология ғылымының кандидаты, Тулақбаев - экономика ғылымының кандидаты, Ерасылова А- медицина ғылымының кандидаты, Әжібекова С- химия-биология ғылымының кандидаты, Ахмедиева К-психология ғылымының кандидаты, Әлдибекова К-педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Әлдибекова Ш-педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Шүнетова Ж-биология   ғылымының  кандидаты,  доцент, Көкенова А.Қ-филология ғылымының кандидаты, Иркитбаев С.Н-география және экология ғылымының кандидаты, доцент.

     «Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» деген Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің даналығы осындай терең білімді нағыз ұстаздарға арналса керек.

      1937 жылдан 1994 жылға дейін мектеп жанында 50 балаға дейін тұратын интернат жұмыс істеді. Интернатта тәрбиеші, меңгеруші болып төмендегі мұғалімдер еңбек еткен : Назарбаев Н, Сауранбаев Б, Шоқпаров О, Мұхаметбеков Н, Оңалбаева Н, Сейтқожаева Б, Жаңабаев Қ. 

Ұзақ жылдар бала күтуші болып, осы интернаттан зейнетке шыққандар: Байтұрбаева А, Оспанбекова Н.

   1955-1993 жылдары мектепте қазақ сыныптары мен қоса орыс сыныптары да болды.

      Киелі білім ордасы уақыт озған сайын қоғам дамуына ілесіп,өркен жая түсуде.   Халықтың қалаулысы, елдің елеулісі болып абыройлы еңбек еткен әкімдер мектебіміздің түлектері екенін бүгінде мақтанышпен айта аламыз. Олар: Келемсейіт Е-Панфилов ауданының әкімі, Парламенттің екі шақырылымының депутаты, Абдуллаев Б-Іле, Панфилов аудандарының әкімі, Ішпекбаев Б-Қоңырөлең ауылының әкімі, Құзатбеков Б- Қоңырөлең ауылдық округінің әкімі, Шоқпаров Е- Қоңырөлең ауылдық округінің әкімі, Жаркент қаласының әкімі, «Панфилов су құбырының» бастығы, «Құрмет» орденінің иегері, Панфилов аудандық мәслихат хатшысы, Далабаев Е- Қоңырөлең ауылдық округінің  әкімі, Алимов Н- Қоңырөлең ауылдық округінің әкімі.

       Панфилов аудандық  экономика және бюджетті жоспарлау бөлімін ұзақ жылдар басқарған  Оспанов А.А,  Панфилов аудандық білім бөлімін басқарған Жазылбекова Б.Н - мектебіміздің беделді түлектері.

Қазіргі танда  Панфилов аудандық почта байланыс торабының бастығы

 Н.Ә. Әлімғожаев та  мектебіміздің мақтан тұтар түлегі. 

    Сондай – ақ мектебімізден білім алып ақын, журналист атанған мақтаныштарымыз   төмендегілер:

Нұрпейісов Р, Байсақалова Н, Ыстай Р,  Жұмабай М- «Жетісу» телеарнасы «Елге қызмет» бағдарламасының жүргізуші – редакторы, маркетинг және жарнама, эфир және архив бөлімдерінің жетекшісі.

    2000 жылы мектебімізге Қожбанбет бабамыздың есімі беріліп, ескерткіш орнатылды. Ескерткіш мүсінді ашу салтанаты мектептің ең алғашқы түлегі, еңбек озаты С. Ысқақов пен би атаның шөбересі, осы мектепте қырық жыл ұстаз болған, әр жылдарда мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарған Қ.Әкімбековаға бұйырды.

   Мектептің материалдық базасын нығайтып,ғылыми негіздермен білім беретін пән кабинеттерін жабдықтауда және ішкі-сыртқы тазалықты қалт жібермей ұзақ жылдардан бері адал атқарып келе жатқан шаруашылық меңгерушісі М.Шәріпбаевтың еңбегі өлшеусіз.

     Жүз жылдан астам уақыт тарихы бар мектебімізден осы өңір халқының неше ұрпағы білім алса, ұстаздардың да бірнеше буыны ауысты.   

     Бүгінде мектебімізді осы мектептің түлегі, үлгілі ұстаз Жанболатов Серік Жанахметұлы басқарады.

Іскер басшы мектептің материалдық -техникалық базасын нығайтып, білім мен тәрбие саласында ұжым ұстаздарымен тығыз ынтымақтастықта еңбек етіп келеді. 

    Тарихы әріден бастау алатын білім ордасы-халықтың сан ғасырлар бойы жинаған мәдениетін келешек ұрпаққа жеткізетін ұлттық тәлім-тәрбие ошағы.Өзге елдермен иық тіресе алатын, бәсекеге қабілетті бола алатын мемлекет болу үшін білімнің іргесін берік қалауда аянбай еңбек етіп келе жатқан алдыңғы буын ұстаздар қатарында: С.Бейбітов,Т.Иркитбаев,М.Иркитбаева,Ж.Утегенова,А.Таутанова, Жүнісова Ш,Сейтқожаева Ә, Мұқантаева З,Аханова М,Қожақова Қ, Умбетов М, Мұхаметбеков Б, Төлендиев Б, Оспанов А, Бектурганова Қ,Қожасұлтанова А. Сыдықова М, Жумадилова А, А.Наймантаевалар бар. 

    Қиын да қызық ұстаздық еңбек жолында аянбай еңбек етіп,құрметті еңбек демалысына шыққан ардақты ұстаздарымызды ілтипатпен атап өткеніміз жөн.Олар: Бердібеков Ж, Имансейітова Ә, Әкімбекова Қ, Саденов Т, Қабланбекова Ж, Керімбеков Н, Іркітбаев Н, Іркітбаева К, Жетбіспаев А, Сейткожаев Ж, Нұрғазиева Б, ИмангазиеваҮ, Умбетов С, Баймырзаева Н, Сүйінбаев Т, Жұмабаева А, Лекерова Г, Ескожаева С, 

Исенов Ж, Қалтайбекова Г, Ахметжанова А, Абдыкаримова Г, Бәшірбаева М, Мырзаева А, Жұмабаева Г,  Таштахметова Т, Бекбаулова Н, Жазылбеков Қ, Байданбеков Ж, Әбиев М, Насырбекова Л,  Бакетова З, Бакетова Б, Қалиев Н, Құттыбаева Т,Таштахметов Қ, Жаңабаев Қ, Халықов С, Құланшиева К, Назарбаева М, Әбдімомынов Қ,Сауранбаев С,  Байтулақова С, Рахымбаева Қ, Қатубекова Қ, Қанапияева Р, Канетова Т, Қазкенова Ү, Бижанова З, 

Нурланова Ш, Есімбекова Ж, Жомартова Б, Нуртазаева Н.

  Ахметова М, Керімбеков Е, Мұқабаева Э, Себекова С, Байдосова М, Смағұлов Ж- мектептің тыныс- тіршілігімен етене араласып, оқу – тәрбие үрдісін жандандыруда және ұстаздар мен шәкірттердің жетістіктерге жетуіне аянбай тер төгіп жүрген мектеп басшысының орынбасарлары.  

    Айта берсек, ғасырлық тарихы бар мектебіміздің толағай табыстары жетіп артылады.

    Басшы да, ғалым да, кәсіпкер де, спортшы да, ақын мен жазушы да қанаттанып шыққан тарихы бай білім ордасының жетістіктері толағай болсын дейміз.

   «Оқу мен тәрбие егіз»ұғымын өз ісінде жүзеге асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық.Қазіргі таңда мектепте 63 мұғалім жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келеді. 

     Мектеп тарихында  биік адамгершіліктерімен,мұғалімге тән үлкен жүрегімен өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан ұстаздар қауымының алар асуы мен бағындырар биігі әлі де алда.