Біз туралы » Страница 3 » Қожбанбет би атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Қожбанбет би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Баршаға қожетімді сапалы білім
09
ноябрь
2023
Баршаға қожетімді сапалы білім
Жетісу облысы Панфилов ауданы «Қожбанбет би атындағы орта мектеп»  КММ-нің ұстаздары «Баршаға қожетімді сапалы білім»  ұлттық баяндама материалдарымен танысып, пікір алмасты.
«Сергектік»  пән бірлестігінің он күндігі
16
октябрь
2023
«Сергектік» пән бірлестігінің он күндігі
Қожбанбет би атындағы орта мектеп»  КММ-нің мектепшілік лигасының және «Сергектік»  пән бірлестігінің он күндігі апталығы  өткізілуде. Он күндік аясында мектеп оқушыларына түрлі спорттық ойындар мен жарыстар  ұйымдастырылуда.   5-7 сыныптар арасындар эстафеталық жарыста оқушылар әртүрлі кедергілердің арасынан өтіп,  спорттық ойындармен жарысты. Осы жарыс арасында 5-7 сыныпқа орындар берілді.  1 орын 6ә сыныбы 2 орын 7а сыныбы  3 орын 6а сыныбы;  Баскетболдан қыздар командасы  1 орын 5 ә сыныбы 
«Ұстаздар күніне»  орай аудан әкімінің «Алғыс хатымен»
09
октябрь
2023
«Ұстаздар күніне» орай аудан әкімінің «Алғыс хатымен»
Жетісу облысы Панфилов ауданы  "Қожбанбет би атындағы орта мектеп" КММ-нің бастауыш сынып пәнінің мұғалімі  Бапакова Нұрлан апайымыз  жеткен жетістіктері  және  «Зерде» ғылым жобасына қатысқаны  үшін   және бағалы  сыйлықтарымен марапатталды.   #ұстаздаркүні
«Ұстаздар әулеті» байқауы
06
октябрь
2023
«Ұстаздар әулеті» байқауы
Жетісу облысы Панфилов ауданы  «Қожбанбет би атындағы орта мектеп»  КММ-нің  ұстаздары саналы ғұмырын білім саласына арнап келе жатқан әулеттер арасында өткен облыстық «Ұстаздар әулеті» байқауының жеңімпазы саналған кербұлақтық Байғалық  әулеті «Ұлағат жолындағы ұстаздар» аталымы бойынша жаркенттік Үмбетовтер әулеті «Өмірін ұстаздықпен өрнектеген әулет» аталымы бойынша мерейленіп, әрқайсысы 200 мың теңгенің сертификатына ие болды. Құттықтаймыз!
«Біз біргеміз» ұранымен қарттарға көмек
01
октябрь
2023
«Біз біргеміз» ұранымен қарттарға көмек
Қазан айының бірінші жұлдызы-Қарттар күні. Қарттар күніне орай                          «Біз біргеміз» ұранымен қарттарға көмек ретінде асарға мектеп оқушылары мен «Қолқанат» еріктілер тобы мен жетекшілері қамқорлық акциясын ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты көмекке мұқтаж ата-әжелеріміздің үй шаруасындағы жұмыстарына көмектесу. Бізде өз үлесімізді қосып жалғыз басты анамызға қолғабыс еттік. Үй шаруасына көмек көрсеткен еріктілерімізге қарт ана өзінің алғысын білдірді.
"Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру"
08
сентябрь
2023
"Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының
Жетісу облысы Панфилов ауданы "Қожбанбет би атындағы орта мектеп" КММ де педагог-ұйымдастырушы Жұман Ермекұлының басшылығымен "Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету және Қазақстан халқының дәстүрлерін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру" атты жоба аясында қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша 8- қыркүйек Бірыңғай Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шаралар өз деңгейінде өтті.  Іс-шара барсында мектеп директоры Жанболатов Серік Жанахметұлы сөз сөйлеп ұстаздарды, оқушыларды
«Еркін ел  ұрпағы»  тақырыбында жалпыұлттық патриоттық  диктант  жазды.
04
май
2023
«Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант
Жетісу облысы Панфилов ауданы «Қожбанбет би атындағы   орта мектеп»  КММ  2023 жылдың 04-мамыр күні мектеп  ұстаздары мен оқушылары  «Еркін ел  ұрпағы»  тақырыбында жалпыұлттық патриоттық  диктант  жазды. Диктант жазуға 380 оқушы мен мектеп ұстаздары қатысты.  Диктант өз уақытында алынып,  сандық мәлімет берілді.
"Ұлттық құндылықтар" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
27
апрель
2023
"Ұлттық құндылықтар" тақырыбында ашық тәрбие сағаты
Жетісу облысы Панфилов ауданы "Қожбанбет би атындағы орта мектеп" КММ де 5 «Ә» сыныбында "Ұлттық құндылықтар" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.  Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға ұлттық құндылықтарымыз туралы түсінік беру, потриотизмге тәрбиелеу, салт-дәстүрімізді дәріптеу. Оқушылар іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сыныптың қыздары «Қамажай»  билеп, Фархатұлы Мейіржан «Кеңес» күйін шертіп берді.  Оқушыларға ұлттық құндылықтар   туралы толық ақпарат берілді.