ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ, СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! » Қожбанбет би атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Қожбанбет би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ, СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
01
июнь
2023

ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ, СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

🔔🔔🔔ҚҰЛАҚТАН ҮНІҢ КЕТПЕСТЕЙ,
СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

  Міне, бүгін тағы бір оқу жылы аяқталып, мектеп бітіруші түлектер мен оқу жылын аяқтаған шәкірттер үшін соңғы қоңырау соғылды. 
2023 жылдың 1 маусым «Қожбанбет би атындағы орта мектеп»  КММ «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын  өткізілді.
Мектеп басшысы С.Ж.Жанболатов Ұстаздарды, оқушыларды,  ата- аналарды және 20- жылдық түлектерді  1-маусым «Балалар күнімен» бірге келген  «Соңғы қоңырау» күнімен құттықтады!!! Соңғы қоңырау тек оқушыларға емес, олардың ата –аналарына, сонымен бірге бір жылдық қажырлы еңбекті қорытындылайтын мұғалімдер үшін де үлкен мереке.
Қымбатты да, қадірлі ұстаздар қауымы! Осынау ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол кәсіпті атқарып жүргендеріңізге алғысымды білдіремін!
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, ұстаздық жолыңызға шығармашылық табыстар тілеймін!- деп бітіруші түлектер мен шәкірттер, ұстаздарға ізгі тілегін жеткізді.   
 Салтанатты жиынға ата-аналар, бітіруші түлектер, оқушылар, ардагер ұстаздар  қауымы қатысты.«Amanat»  партиясының депутаты,  Панфилов аудандық мәслихатының  төрағасы Шоқпаров Ерғали Отарғалиұлы   мен  «Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппараты»  ММ-і    әкімінің уақытша міндетін атқарушы Г.Дауренбекова ата- аналар, ардагер ұстаздар   бітіруші түлектерге сәттілік пен ақ жол тіледі.
 Бітіруші түлектерімізге алдағы үлкен сынақ ҰБТ-да жоғары жетістікке жетіп, грант иегері атануларына тілектеспіз.