Ата аналар жиналысы » Қожбанбет би атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Қожбанбет би атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2023

Ата аналар жиналысы

Жетісу облысын Панфилов ауданы «Қожбанбет би атындағы орта мектеп» КММ- де қыркүйек айының 19 күні  мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. 
      Жиналыс барысында мектеп директоры С.Ж.Жанахметұлы,  тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Е.Нұрәлімұлы сөз сөйлеп  2021-2022 оқу жылының қорытынды есебін беріп, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен қатар  мектеп ішінде ұялы байланыс құралдарын, бағалы заттарды әкелмеу керектігі туралы айтып, ата-аналарға бала қауіпсіздігі басты назарда екендігін айиылды. Мектеп психологы  Э.Мукабаева "Жасөспірімдер арасындағы булинг пен кибербулинг" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  бала қауіпсіздігіндегі ата-ана рөлінің маңызы зор екендігін айтып, баланы үнемі бақылауда ұстау керек екендігін айтты. 
Жиналысқа сонымен қатар «Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппараты»  ММ-сі әкімінің орынбасары Галия Бегдайырқызы және Қоңырөлең ауылық учаскелік полициясы Қ.Жандарбекұлы  қатысты.  Жиналыс жоғары деңгейде өтті.  Ата-аналар мектеп басшылығына өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.